Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

ҚТЖ толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады

1.09.2022, 19:42 14 0 Мадина Амангелдіқызы
"Қазақстан темір жолы" толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында ұлттық темір жол компаниясының жаңа міндеттері туралы айтып өтті.
- Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналуда. Бізге ашылған мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланып, шын мәнінде әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік торапқа айналу керек, - деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатын болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив