Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да діни бірлестік өкілдері бас қосты

21.10.2022, 17:12 11 0 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде Рухани келісім күнінің 30 жылдығына арналған облыстың діни және этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 конфессияны білдіретін 3384 діни бірлестік жұмыс істейді.

- 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қазанда Алматыда Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өтті. Бұл күн әртүрлі ұлттық және әлеуметтік топтардың адамдары, саяси және діни нанымдар арасында берік байланыстар мен өзара түсіністік орнату үшін негіз болды. Бұл күн мейірімділік пен көршісіне көмектесудің символына айналды. Рухани келісім күніме барлықтарыңызды құттықтай отырып, бейбітшілік, жақсылық, өсіп, өркендеу тілеймін! – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Атламыш мереке күні ШҚО-да түрлі конфессиялардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері жиналып, бірлескен жұмыс принциптерін, жалпы мәселелерді талқылады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Қазақстан өзінің дамуының басты аспектісін бейбітшілік, келісім және шоғырландыру деп нақыталды. Күрделі геосаяси жағдайда қазақстандық қоғамның көпұлттылығы мен көпконфессиялылығы баға жетпес байлық пен ажырамас артықшылыққа, сондай-ақ әлемнің басқа елдері үшін үлгі бола білді. Соның арқасында Республика әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге бастамашы болып, барлық әлемдік конфессиялардың өзара іс-қимылы жөніндегі функцияны өз мойнына алды.

Аталған іс-шара барысында ШҚО дін істері басқармасының басшысы Нұржан Құнанбаев қазақстандық қоғам үшін рухани келісім күні әрбір діннің қағидаттарына сәйкес келетін діни толеранттылық пен конфессияаралық үйлесімділіктің символына айналғанын атап өтті.

Кездесу барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға және дамытуға елеулі үлес қосқан діни бірлестіктердің басшыларын "Рухани келісімге 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен және естелік кәдесыйлармен марапаттады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив