KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері марапатталды

1.09.2022, 09:52 141

Конституция күнін атап өту қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшылығы құттықтаудан кейін қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерге шен, медаль және грамота табыс етті.

«Біз үшін бұл мерекенің орны ерекше. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Ата заңымыз өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді», – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шараның соңы концертке ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив