KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Глубокое ауданында Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

31.08.2022, 16:22 88

Кеше ҚР Конституция күніне орай Глубокое ауданындағы балалар шығармашылығы үйінің алдындағы орталық алаңда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шара барысында аудан әкімі Тумашинов Эльдар жергілікті тұрғындарды еліміз үшін айтулы мерекемен құттықтады.

636e6bcb-9842-47f2-93db-3b1b26e1d4a0.jpg

-        Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мерекемен құттықтаймын! Саяси ахуалдың жаңа серпіні үшін елімізде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық Референдум өткізілді. Референдум қазақстандықтардың ел дамуының жаңа бағытына бағытталған қолдауын көрсетті. Мұның бәрі халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Осынау маңызды мереке күні әрбір қазақ отбасында бақыт пен береке орнасын, ал Отанымыздың гүлденуі үшін жаңа жеңістерге ұмтылу бізді үлкен жетістіктерге жетелейді! Сіздерге және отбасыларыңызға бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін! – деді аудан әкімі.

Аудан орталығының тұрғындары мен қонақтарына шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, би кеші, жәрмеңке мен аниматорлардың қатысуымен кішкентай балалара арналған ойындар ұйымдастырылған.

983b082b-8273-49c2-a0ef-bd560f55cb53.jpg

Аудан әкімінің шақыруымен сахнада «Quba» cover bend, Dj Ivanov, "Voice" Quartet жұлдыздары өнер көрсетті. Олар мерекенің сәнін кіргізіп, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив