"Өскемен дауысы" байқауының жеңімпаздары анықталды

26 тамызда қалада алғаш рет "Өскемен дауысы" байқауы өтті, онда кәсіби білімі мен вокал саласында тәжірибесі жоқ қала тұрғындары өз өнерлерін көрсете алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, іріктеу туры 21 тамызда өткен еді. Финалдық концертке 20 қатысушы іріктеліп алынды.
Өнерпаздар байқауының гала – концерті Ертіс жағалауында,ы Амфитеатр алаңында өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша:
1 орынды болашақ заңгер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Амина Сержан иеленді.
2 орынды болашақ саясаттанушы, магистратура студенті Еркежан Нұрмұхамбетова алды.
3 орын дене шынықтыру мұғалімі Мирас Ерболовқа бұйырды.
Гала-концерттің барлық қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар оқыңыз