KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО тұрғыны таныстарын алдап, несиеге 22 млн теңгенің тауарын алғызған

31.08.2022, 11:15 157

ШҚО тұрғыны таныстарының атына 22 млн теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеген. Бірақ қарызды төлеуге келгенде, ол жауапкершіліктен жалтарып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

22 шілдеде Өскемен қаласының Полиция басқармасы Үлбі полиция бөліміне алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Біршама уақыттан кейін қаланың тағы үш тұрғыны көмек сұрап полицияға жүгінген. Олардың барлығын ортақ проблема біріктіргені анықталды.

23 жастағы қала тұрғыны ірі сауда үйлерінің бірінде ақшалай көмек көрсетемін деген желеумен, олардың аттарына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады» - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қықметі.

Барлық жәбірленушілер бұрын күдіктімен таныс болғаны анықталды. Қаскөй өзінің сенімді қылмыстық сызбасына сәйкес, жәбірленушілердің аттарына тауарлық несие ресімдеп, барлық қарызды өзім өтеп отырам деп сендірген. Қолына түскен заттарды сатудан түскен ақшаның бір бөлігін жәбірленушілерге берген. Күдіктінің алғашқы айда несиелерін өтегені белгілі болды, одан әрі төлеуді тоқтатқан екен. Одан әрі жәбірленушілерге мерзімі өткен несиелер туралы қоңыраулар түсе бастаған.

Қазіргі уақытта тергеу 23 жастағы ер адамның 28 ұқсас алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта залалдың алдын ала сомасы шамамен 22 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, айыпталушының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив