KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Риддер тұрғыны жылыжайда "есірткі" өсірген

31.08.2022, 10:36 137

Криминалдық полиция қызметкерлері саяжайда марихуана өсірген Риддер қаласының 63 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тексеру барысында ол арнайы жабдықталған жылыжай тауып, оның ішінде жасырын түрде 480 түп қарасора өсірген. Тұрғынның көршілерінің айтуынша, оның мұндай «қара» кәсіппен айналысатынына тіпті күдіктенбеген.

ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша:

– Осы аталған фактіні алға тарта отырып,ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив