KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да Республика күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді

21.10.2022, 14:46 173

Биыл Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді. Осылайша, мереке аясында Шығыс Қазақстанда 500-ден астам түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Мекеева айтып өтті.


- «Республика күнін мерекелеу құрметіне облыста салтанатты және мерекелік іс-шаралар жоспарлары қалыптастырылды. Мәселен, Шығысқазақстандықтар бүкіл ел тұрғындарымен бірге "Қыран елім-Қазақстан!" жалпыхалықтық патриоттық акциясына қатысады, оның аясында Мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, сондай-ақ Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру іс-шаралары болады»,- деді Жанат Мекеева.


Сонымен қатар, облыстың және жалпы елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды құрмет көрсету шаралары және Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен салтанатты марапаттау рәсімдері өтетін болады.


- «Облыс тұрғындары «Таза табиғат» экологиялық акциясына, патриоттық челленджге, Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» республикалық фестивалін тамашалай алады», - деп атап өтті ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы.


Айта кету керек, биыл Достық үйінің құрылғанына 30 жыл толады. Ағымдағы жылғы 21 қазанда облыс басшылығының, Парламент депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этникалық келісім - Қазақстан тұрақтылығының негізі» ХХVIII сессиясы өтпек.

25 қазан - Республика күніне қарай аймақта бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарлануда.

Глубокое, Тарбағатай, Ұлан аудандарында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға пәтерлер мен үйлердің кілттері табысталмақ. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында ауылдық клубтың ашылуы өтеді. Тарбағатай ауданы Сарыөлең ауылында фельдшерлік амбулаториялық пункт ашу жоспарлануда. Ақжар-Жетіарал аудандық маңызы бар жол пайдалануға беріледі (орташа жөндеуден кейін), Маңырақ ауылында ағымдағы жөндеуден кейін мәдениет үйінің ашылуы өтеді. Ұлан ауданында Герасимовка ауылында дәріхана мен стоматология кабинеті ашылып, Сағыр ауылында су құбыры желісі пайдалануға берілді, Шемонаиха ауданының Пруггерово ауылында су құбыры желілерін пайдалануға беру жоспарлануда.

Барлық қалалар мен аудандарда мерекелік шаралар мен жәрмеңкелер өтеді.


Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив