Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

"КШТ"-дан Алматы трассасына шығатын жол ашылуға жақын

27.07.2021, 14:59 78 0 Оразай Жеңісұлы

Өскеменнің 19-шы шағын ауданы мен Алматы трассасының арасын жалғайтын жолдың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Есенберлин даңғылынан Алматы трассасына төте шығатын жол 2 тамызда ашылады.

– Ұзындығы шамамен 4,5 шақырым учаскеге түгел асфальт төселді. Қазір көше шамдары мен жол белгілері орнатылып, нөсер кәрізі салынып, – деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-да.

Ал мердігер компанияның мәліметіне сүйенсек, бұл жолға «қалқымалы» люктер орнатылып жатыр. Әдетте люктер бетон құдыққа орнатылса, бұл жерде жол құрылымына салынған.

– Осының арқасында құдықтың сақинасы бұзылмайды және оның айналасындағы асфальт шөгіп кетпейді, – дейді мамандар.

Сондай-ақ мердігерлер Өтепов көшесі мен Қазыбек би даңғылы жағынан үш оң жақ төте бұрылыс салғанын айта кетейік.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив