Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да "Шығыс дәмі" гастрономиялық фестивалі өтті

30.08.2022, 23:15 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Конституция күнін мерекелеу аясында Өскемен қаласының бас алаңында "Шығыс дәмі" гастрономиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл мерекеде қала тұрғындары үшін бағалы сыйлықтармен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Облыс орталығының бірнеше мекемесі өз мәзірінен шығыс тағамдарын ұсынды.


- Бүгін айтарлықтай ауқымды іс-шара өтті, мұндай шара бізде алғаш рет болып отыр. "Шығыс дәмі" фестивалі жыл сайын өтеді деп үміттенеміз. Өз тағамдарын ұсынған мейрамханалар біздің қалалықтарды күн сайын тамақтандырады, бірақ біз осы форматта алғаш рет жиналып отырмыз, - деді "Шығыс-Батыс" қонақ үй кешенінің басқарушысы Дарья Ильницкая.


Оның айтуынша, бұл фестивальда мекемелер арасында бәсекелестік жоқ, өйткені мұнда тек өз ісін және өз қаласын жақсы көретін адамдар ғана бар.

Айта кетсек, Milano Cakes компаниясы көлемі 6 шаршы метр және салмағы 200 кг болатын мерекелік торт әзірледі, оны кондитерлер 3 күн дайындаған екен.


- Өте қызықты фестиваль, маған барлығы ұнады. Біздің тұрғындар өздерінің дәстүрлері мен музыкасы туралы ұмытпайтынына қуаныштымын, - деді Өскемен қаласының тұрғыны Айгүл Күсенова.


Гастрономиялық шара мерекелік концертпен жалғасты. Облыс орталығының басты сахнасында "Дольче", "Idea", "Элит", Родион Немцев және т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ал концерттің басты қонағы белгілі қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов болды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында "I love Oskemen" SELFIE-квестінің жеңімпаздары марапатталды.

Кеш мерекелік отшашумен аяқталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив