Алғашқы сайлаушылар өз дауыстарын берді - ШҚО

ШҚО-да алғашқы сайлаушылар сайлау учаскелерінде болып, өздері таңдаған кандидаттарына дауыс берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дауыс беру сағат таңғы 7.00-де басталды. Шығыс Қазақстанда 77 ауыл әкімін сайланбақ. Қазір облыс аумағында 221 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Сайлаушылардың алды өз таңдауларын жасап та үлгерді.
– Бүгін бәріміз үшін өте маңызды күн, біз ауыл басшысын таңдаймыз. Бұл біздің Выдриха ауылының тыныс-тіршілігіне жауап беретін, ауылда туындайтын барлық мәселелерді, соның ішінде сумен жабдықтау, су тасқынына қарсы күрес және тағы басқа маңызды мәселелерді шешетін адам. Болашақ әкім көп нәрсені жүзеге асыруы керек, ол үшін оның командасы, соның ішінде ауылдың барлық тұрғындары көмектесетін болады. Егер барлық тұрғындар өз учаскелерін тәртіппен ұстайтын болса, бұл да біздің ауылдың көркеюі және жайлы болуы үшін көмек болмақ. Менің ойымша, бүгін біз лайықты адамды таңдаймыз, онымен бірге біздің ауылдың игілігі үшін төрт жыл бірге тұрып, еңбек етеміз, – деді Шемонаиха ауданы Выдриха ауылының тұрғыны Александр Белкин.
Үржар ауданы Мақаншы ауылының тұрғыны Жұмағазы Жақанбаев ауыл әкімдерін сайлау – еліміздің алға үлкен қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды оқиға екенін атап өтті.
– Бүкіл Қазақстан үшін бұл ерекше күн. Халық бүгінде болашақ әкімге үлкен үміт артып отыр, ол кейін ауылдың өркендеуі үшін еңбек етеді. Сайлау халыққа үлкен пайда әкеледі деп ойлаймын. Мен өз таңдауымды жасадым, - деді Мақаншы ауылының тұрғыны.
"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Серікжан Қажытай сайлау учаскесіне келіп, Үржар ауылдық округінің болашақ әкіміне дауыс берді.
- Сайлау жақсы өтуде. Сайлаушылар жоғары белсенділік танытады. Барлық санитарлық шаралар сақталады. Барлық жерлестерімді жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауға шақырамын, - деді ол.
Бесқарағай ауданы Стеклянка ауылының сайлау учаскелерінің бірінде бірінші болып дауыс берген Құрманбек Бекеев болды. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерін сайлау өткізу туралы бастамасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысты адамдардың дүниетанымын түбегейлі өзгертетінін атап өтті.
- Ауыл тұрғындары енді барлық қойылған міндеттерді сапалы орындайтын әкімді өз бетінше таңдай алады. Мен өз таңдауымды жасадым, - деді Құрманбек Бекеев.