Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Су заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жіберуге болады

30.08.2022, 19:42 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жіберуге болады. Бұл туралы ведомство басшысы Серікқали Брекешев ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министр шығыс өңірінің табиғи ресурстары туралы айта келе, су шаруашылығы объектілерінің тозуы және судың үлкен шығыны жайлы сөзге тиек етті.

Аталған мәселеге байланысты, қазір су инфрақұрылымын қайта жаңарту, суару арналарын цифрландыру жүргізіліп жатыр екен.


«2017 жылдың басында елімізде апаттық жағдайдағы 41 су қоймасы болған. Соңғы 5 жылда (2017-2021) оның 16-сы жөнделді. Биыл тағы 6 құрылыс қалпына келтіріледі, ал 2025 жылға дейін тағы 19 су қоймасын жаңарту жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы 2 апатты су қоймасын жөндеу жоспарлануда. Бұл Зайсан ауданындағы «Үйдене» су қоймасын салу және Тарбағатай ауданындағы Қарғыба өзеніндегі бөгетті қайта жөндеу жұмыстары. Нәтижесінде 3 елді мекенді су басу қаупі төмендейді және суармалы жерлердің ауданы 13 мың гектарға ұлғаяды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңа Су кодексінің және ілеспе заң жобасының тұжырымдамалары әзірленді, олар талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған. Су заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз бар ма, оларды бізге жібере аласыз", - деді министр.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив