Өскемен
пасмурно ветер 2 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Оқушы көлік тонады деген күдікке ілінді – Өскемен

22.07.2021, 14:59 109 0 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде 16 жастағы жеткіншек көлік тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мектеп жасындағы баланың күмәнді әрекеті бейнебақылау кемарасына түсіп қалған. Полиция оның үш бірдей ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

– Ол тіпті бір жолы үлкен олжаға да кенелген. Тоналған көліктің иесі салонда 135 000 теңге қаражат қалдырып кеткен, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің ата-анасы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айта кетейік. Өйткені ол "түн ішінде заңды өкілдерінсіз жүрді" деген де айыптау бар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив