Өскемен
-20°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Өскемен қаласының дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалар марапатталды

30.08.2022, 19:31 5 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін қала күнінде шаһар басшысы Жақсылық Омар дәстүрлі түрде "Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін" марапатын табыстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айт кетсек, бұл марапат өз еңбегімен және құлшынысымен Өскемен мен оның тұрғындарының өркендеуіне ықпал ететін қала тұрғындарына жыл сайын беріледі.

Биыл марапатқа ие болғандар:

Ерболат Әлпиев – «БЭСК» АҚ директоры, оның тікелей қатысуымен қаланың жаңа аудандарын энергиямен қамтамасыз ететін электр коммуникацияларын жобалау және салу жұмыстары жүргізіледі.

Николай Нечепуренко - дарынды кәсіпкер және ресторатор. Оның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары көптеген адамдардың көңілінен шығып, қала қонақтарының құрметіне ие болды, қызмет көрсету сапасының стандартына айналды.

Ермек Мұқатай - Өскемен өңірінің имамы. Тек рухани тәлімгер ғана емес, сонымен қатар, еңбекқорлық пен білімге деген сүйіспеншілікті насихаттайтын ұлтаралық бірлік идеяларының белсенді жақтаушысы.

Борис Невзоров - керемет сәулетші, Махаббат аллеясы және сол жағалаудағы саябақ сияқты қала үшін маңызды жобалардың авторы.

Сана Анарқұлова - "Алтай" волейбол клубының тұрақты капитаны, дарынды спортшы және Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.

Евгений Фадеев – өмірін Өскемен хоккейін дамытуға және дәріптеуге арнаған "Торпедо" командасының бас бапкері.

Меруерт Тоқтарова - Өскеменде жеті балабақша салған әлеуметтік кәсіпкер.

София Бочагова - облыстық мұражай-қорығындағы көгалдандыру бөлімінің меңгерушісі. Оның арқасында біздің саябақтарымызда ерекше табиғи ландшафттар жасалып, көз қуантуда.


- Бұл адамдардың барлығы - өз қаласын жақсы көретін және құрметтейтін Өскеменнің лайықты азаматтары. Оларға осы марапатты мақтан тұтып, отандастарының игілігі үшін табысты жұмыс істеуді тілеймін, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив