Өскемен
-25°
плотный туман ветер 2 м/с, СВ
460.43 501.04 6.65

ШҚО-да мерекеге орай әлеуметтік нысандар ашылды

30.08.2022, 19:20 5 0 Мадина Амангелдіқызы

Бір апта бойы Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында мәдени, спорттық, білім беру іс-шаралары өтуде. Өңірде бірқатар нысандарды ашу жоспарланған еді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Конституция күні қарсаңында Ұлан ауданы Мамай Батыр ауылында көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.


- Құрметті жерлестер, Конституция күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында, қалыптасқан дәстүр бойынша, біз көп балалы аналарға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстадық. Екі пәтерлі үйлер "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша салынды. Мұндай тұрғын үй Қасым Қайсенов кентінде де салынуда, ал Сағыр және Таврия ауылдарында дайын, - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрманбаев.


Айта кетейік, 80 шаршы метрлік кірпіш үйлерді "ЖармаҚұрылысГаз" компаниясы офтейк-келісімшарттар бойынша салды, олар орталықтандырылған сумен қамтылған.


WhatsApp Image 2022-08-29 at 21.26.19.jpeg

Сонымен қатар, облыс орталығында "Асыл бала" балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Білім беру мекемесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында іске қосылды, сыйымдылығы - 90 бала.

Қала мен өңірдің бірқатар аудандарында өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдалы және дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың аула алаңдары мен спорт нысандары таныстырылды.

Өскемендегі Протозанов көшесінің тұрғындары да Конституция күнін тағатсыздана күтті. Себебі бүгін мұнда емхана ашылды. Бұрынғы балалар тамақтану комбинаты күрделі жөндеуден өткізіліп, мақсаты өзгертілді. Енді ол денсаулық сақтау нысанына айналды.

WhatsApp Image 2022-08-30 at 14.04.54 (1).jpeg

 

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив