Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да жыл басынан бері 148 орман өрті тіркелген

16.07.2021, 11:09 133 0 Оразай Жеңісұлы

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік орман қоры аумағында 148 өрт тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 пайызға артық. 
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Титовтың айтуынша, орман өрттері негізінен жай түсу салдарынан болады екен.
– Соңғы ақпарат бойынша облыста жай түсуі кесірінен болған 127 орман өрті тіркелді. Тағы 21 өртке адамдардың отты абайсыз пайдалануы себепші болған. Осының кесірінен 409,8 гектар орман отқа оранған, – дейді Д.Титов.
Маманның айтуынша, әзірге облыста айтарлықтай ірі дала өрттері тіркелмеген. Соған қарамастан, жер-жерде 129 кішігірім өрт болған. Салдарынан 3 474 гектар жер жанып кеткен.
Бүгінде апаттың алдын алу мақсатында ТЖД мамандары ғарыштан жасалған мониторингтің көмегіне жүгінуде. Сондай-ақ, аудан-қалаларда құрамына азаматтық қорғаныс, полиция, орман шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері кірген 69 мобильді топ құрылған. Осы уақытқа дейін аталмыш топтар 800-ден астам рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 259 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.  
Құтқарушылар дәл қазір әсіресе Бесқарағай, Көкпекті, Үржар аудандары мен Семей қаласында орман өртінің қаупі жоғары екенін айтуда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив