Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Ауыл әкімдерінің сайлауына 300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қатысады - ШҚО

14.07.2021, 17:29 75 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстандағы сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін партиялық емес бақылау орталығы жұмысын жолға қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Партиялық емес бақылау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан филиалы ресми түрде жақында ғана тіркелді. Қазіргі уақытта өңірлік штаб 25 шілдеде барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 300-ден астам байқаушыны оқытуда.

- 25 шілдеде бізде ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы өтеді. Бұл сайлау халықтың билікке деген сенімін, биліктің өз қызметіне жауапкершілігін арттыруы керек. Сайлау процесі ашық болуы үшін, барлығы заңға сәйкес өтуі үшін біз бақылаушыларды дайындаймыз, - дейді "партиялық емес бақылау орталығы" республикалық ҚБ облыстық филиалының төрайымы Аяужан Әшімова.

Оның айтуынша, бақылаушы болғысы келетіндерге қойылатын бірінші және ең маңызды талап - процеске қызығушылық таныту. Бақылаушылар өздері заң бұзбауға тиіс, сондай-ақ құқықтарды ғана емес, әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін білуге міндетті. Егер сайлау учаскесінде бақылаушылар қандай да бір бұзушылықтарды тіркеген жағдайда, олар бұл туралы Өңірлік штабқа дереу хабарлауға тиіс. Онда заңгерлер мен жаттықтырушылар одан әрі іс-қимыл жасау туралы шешім қабылдайды.

Айта кетсек, Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Республикалық партиялық емес бақылау орталығы еліміздің барлық өңірлерінде ресми тіркелген филиалдар арқылы учаскелерде сайлау процесіне бақылау жүргізуді жоспарлап отыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив