Биыл көпбалалы отбасыларға 400-ден астам пәтер беріледі – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында биыл көпбалалы отбасыларға 400-ден астам пәтер беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттары фракциясының жиналысында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы жөнінде сөз қозғалды. Аталмыш бағдарлама өңірде жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жүзеге асырылып келеді. Биыл 464 бір қабатты үйді (682 пәтер) халық игілігіне беру жоспарда бар. Оның ішінде көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына 457 пәтердің (42 мың м2) кілті табысталады.
Сонымен қатар оқыңыз