KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс кеңесі өтті

29.08.2022, 12:30 129

19 тамыз күні жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген рейдтік іс-шаралар шеңберінде ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділовтың төрағалығымен бірлескен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сондай-ақ, кеңеске ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, ҚазАвтоЖол ҰК АҚ ШҚОФ өкілдері және оның мердігерлік ұйымдары, сондай-ақ облыс әкімдерінің және қалаларының орынбасарлары, аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

Департамент бастығы барлық құзыретті мемлекеттік органдар мен жол ұйымдарының жол қозғалысын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтіп, 7 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар облыстың автожолдарындағы апаттылық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, Серік Жүнісбеков тиісті жол белгілерін уақытылы орнату, шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізу, оң жақты съездерді ұлғайту, жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін барынша енгізу мәселелерін талқылады. 

Бұдан басқа, мектептер алдындағы жаяу жүргіншілер жол таңбаларын және тиісті белгілерді жаңарту, сондай-ақ мектептер алдында орнатылатын макеттер санын жаңарту және ұлғайту қажеттілігі айтылды.

  • - Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов пен ПД бастығы Серік Жүнісбеков өз қарамағындағы қызметкерлерге жол қауіпсіздігі бойынша бірқатар міндеттер қойды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив