KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскемендегі ХҚО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

27.08.2022, 14:41 273

Конституция күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін мәлімдеді

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дегеннен, 29 тамызда «Қазпошта» АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады, - делінген корпорация хабарламасында.

27 тамыз жұмыс күні болып бекітілгенін тағы еске саламыз. Бұл күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар 31 тамызда қайта жұмысқа оралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив