Өскемен
-19°
туман ветер 2 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Найзағай кезіндегі әрекет ету ережелері

1.07.2021, 03:13 7 0 Мадина Амангелдіқызы

Адам өмірі үшін үлкен қауіп төндіретін табиғи апаттардың қатарында нөсерлі жаңбырлар, күшті найзағайлы жаңбырлар соңғы орында емес. Найзағай алдымен биік заттарға түседі. Ағашқа найзағай түскен кезде бөлшектеніп, тіпті жанып кетуі де мүмкін. Адамға тура түскен найзағай әдетте қайғылы жағдаймен аяқталады. Мұндай жағдайлардын алдын-алу үшін ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі қауіпсіздік шараларымен таныстырады.

Ауылдық жерлерде: терезелерді, есіктерді, мұржаларды, желдеткіш саңылауларын жабу қажет. Пешті жағуға тыйым салынады, өйткені пештің мұржасынан шыққан жоғары температурадағы газда аз кедергі болады. Телефонмен сөйлесуге болмайды: найзағай бағандардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай ойнап тұрған кезде электр сымдарына, шатырдың суағарларына, антеннаға жақындауға, терезенің жанында тұруға болмайды. Теледидар, радио және басқа да электрлік тұрмыстық құралдар сөніп тұрсын.

Қаланың сыртында: найзағай жақындаған кезде ертерек тоқтап, қауіпсіз жер іздеңіз. Орманның шетінде және ашық алаңдарда, су айдындарының жанында жүру өте қауіпті. Жеке тұрған ағаштың астында тұруға болмайтынын есте сақтаңыз. Орман деңгейінен биік шығып тұрған ағаштардан аулақ болып, қалың бұтақты аласа ағаштарды паналаған жөн. Найзағай көбінде еменге, терекке, талшынға, шегіршінге, кейде – шыршаға, қарағайға, шамшатқа, ал қайыңға, үйеңкіге, қарағанға сирек түседі.

Таулы жерлерде найзағай жақындаған кезде биіктен жедел түсу қажет. Табиғи қуыстар – жартастағы үңгірлерде тығылуға болады, бірақ қабырғадан екі метрден кем емес қашықтықта.

Ашық жерлерде найзағайдан құрғақ шұңқырларды, орларды, жыраларды паналап қорғануға болады. Егер олар суға тола бастаса, ол жерден кеткен жөн. Құмды және тасты жер батпақты жер қыртысына қарағанда қауіпсіз болып келеді.

Жүзу құралында отырған адам найзағай жақындаған кезде тез арада жағаға ұмтылу керек. Найзағай ойнап тұрған кезде якорьді қолдану өте қауіпті, өйткені якорь арқаны найзағай ойнап тұрған кезде электр өткізгішіне айналады. Сулы дене мен киім найзағайдың түсуіне қауіпті күшейтеді. Сондай-ақ найзағай аумағында жүгіруге, абыржуға болмайтынын есте сақтаңыздар.

Найзағайда көрсетілетін алғашқы көмек

Егер сіздің көз алдыңызда найзағайдың ұруынан адам зардап шексе, оған сол арада алғашқы көмек көрсету керек. Зардап шеккенді жерге көмуге немесе топырақ астында қалдыруға тыйым салынады. Оның тыныс алуын, тамыр соғуын, көз қарашықтарының жарыққа реакциясын тексеру қажет. Егер адамда өлім белгісі пайда болса, жасанды дем алдыру мен жүректі жанама сылауды жүргізу керек. Тамыр соғысы мен дем алуы пайда болысымен, зардап шеккенді ішімен жатқызып, басына суық суы бар пакеттерді, мұз немесе бірнеше қабат оралған ылғал матаны қойыңыз. Дененің күйік алған жеріне таза матаны жабыңыз да, күйген жерге суық қойыңыз. Дереу жақын жердегі емханаға жеткізу керек.

Күшті найзағай қуатына үстірт қарауға болмайды. Сондықтан, жоғарыда келтірілген ереже мен қауіпсіздік шараларымен танысып, оларды шынайы төтенше жағдайларда қолдана біліңіз.

Қызықты дерек: найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив