KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өскеменде “Конституциялық реформа - жаңа Қазақстанның кепілі” атты дөңгелек үстел өтті

27.08.2022, 10:45 230

О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасында “Конституциялық реформа - жаңа Қазақстанның кепілі” атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шара Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай қойылған  “Менің туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!” атты көрмемен танысудан басталды. Кітапхана қызметкерлері әр рәмізге жеке-жеке тоқталып, тарихын, не бейнеленгені мен қандай мағына беретіні туралы ақпаратты жиналған жұртшылықтың тағы бір есіне салып өтті.

4decac84-9ae9-4095-9a01-632152a01dae.jpg

-        Көрмені тамашалығысы келген, өз елінің тарихымен тағы бір мәрте жақын танысқысы келген әр оқушы мен тұрғындарға есігіміз әрдайым ашық. Кез келген уақытта біз қарсы алып, көрмемен таныстыруға дайынбыз, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Ары қарай спикерлер С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Алтайтану» ҒЗО ғылыми қызметкері, әлеуметтік ғылым кандидаты Столярова Элеонора мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Қылмыстық құқық және үдеріс кафедрасының» доценті, заң ғылымының кандидаты Байыркенова Гүлмираның және Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары, өрт сөндіру бөлімінің мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының 5 жұлдызында еліміз үшін тарихи оқиға,  27 жылдық үзілістен кейін екінші референдум өткен болатын. Референдум нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда жалпы дауыс беру арқылы қабылданған елдің қолданыстағы негізгі заңының үштен бірі өзгертілмек.

Спикерлер осы аталған заңдардың кейбірін қатысушыларға түсіндіріп, жастардың ол туралы ойлары білді.

-        Биыл айтулы мереке Конситуция күнін жаңа заңмен қарсы алғалы отырмыз. Десе де, қазір қоғамда бұл туралы көптеген пікірлер айтылып жатыр. Әсіресе «Референдум өтті, бірақ өзгерген ештеңе жоқ» деген сияқты пікірлерді жиі естіп жатамыз. Ол, әрине, 30 жыл бойы қабылданып, сіңіп кеткен дүниені бір күнде өзгерту мүмкін емес. Сондықтан осындай шараларды жиі өткізіп тұрған дұрыс. Осы арқылы оның мән-мағынасын көпшілікке түсіндіре аламыз, - деді спикер Гүлмира Төлеубекқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив