KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Министрлік өкілі ШҚО тұрғындарына әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды

21.10.2022, 09:58 139

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданының активімен және еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрлік өкілі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған әлеуметтік-еңбек саласына қатысты бағыттарды түсіндіру мақсатында Глубокое ауданының Алтай кентіндегі «Ертіс кеніші» ВЦМ ЖШС-ның ұжымымен кездесті.

– Кеншілер жұмысы күрделі екенін білеміз. Сондықтан біз әрбір қызметкерге азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қандай шаралары заңнамалық деңгейде әлеуметтік Кодексте бекітілетінін, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан қандай шаралар көрсетілетінін нақтылап түсіндіргіміз келеді. Осы ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшеміз, – деді Ақмәди Сарбасов.

Кездесуден кейін министрліктен келген мобильдік топ шахтаның жұмысымен танысып, оқу полигонына барды.

Содан кейін аудан орталығында аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ардагерлер, жастар ұйымдары, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті. Бұл жерде Ақмади Сарбасов әлеуметтік қорғау шараларын күшейту туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив