KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Химиялық қалдықтар құйылуы мүмкін: Ертіс суын тексеріп жатыр

26.08.2022, 15:46 153

Тұрғындар өзеннің ластанғанын байқап, дабыл қақты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желіде осы сипаттағы видео аптаның басында пайда болды. Бейнежазба авторының айтуынша, өзеннің «Ғашықтар аллеясы» тұсы ластанған. Судың арнасы ағарып кеткенін көрсетіп, жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтады. Ол маңда ешқандай өндіріс ошағы болмағандықтан, суға химиялық қалдықтар құйылуы мүмкін деген болжам жасайды автор.

«Қазір экологтар өзен суынан сынама алып тексеріс жүргізіп жатыр. Су деңгейі төмендеп кеткендіктен жағада дақтар қалған. Жағымсыз иіс те қолқаны жарады», - деп хабарлады КТК телеарнасы.

Облыстық экология департаментінің мамандары судың ластанғанын растады.

«Судың нақты неден лайланғаны әзірше белгісіз. Алынған сараптама қортындысы дайын емес», – дейді ШҚО экология департаменті зертхана-сараптама бақылау бөлімінің бас маманы Айнагүл Тоқанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив