KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да тамыз конференциясы өтті

26.08.2022, 15:03 153

Шығыс Қазақстанда үш мыңға жуық педагогтың қатысуымен тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шараға, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, «AMANAT» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова, қала-аудан әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары және облыстық педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері қатысқанын айта кетуіміз керек.

– Өңірімізде тұтас оқыту жүйесіне серпін беретін ауқымды, ұлттық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты жұмыстары жалғасын табады, – ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Конференция барысында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек «2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» баяндама жасады.

Жиын соңында «Үздік білім беру ұйымы» облыстық байқауының жеңімпаздарына ШҚО әкімінің атынан ақшалай сертификаттар табысталды:

І орынға – 20 млн;

ІІ орынға – 16 млн;

ІІІ орынға – 12 млн. теңге.

Облыстың білім саласына еңбегі сіңген педагогтарға «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» құрметті атағы және «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісімен қоса облыс әкімінің 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығымен берілді.

Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясын белсене атсалысқан меценаттарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив