Өскеменде екі күн "жарылыс" болады

Өскеменде 22 және 24 маусымда жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Екі күнде де жарылыс жұмыстары сағат 14:00-19:00 аралығында жаңа салынып жатқан 24-тұрғын ауданда жүргізіледі деп жоспарланған.
– «Өскемен қаласының 24-тұрғын ауданының бас жоспарын жүзеге асыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу мақсатында, кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін орнату үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі, – деп жазылған хабарламада.
Жарылысты жүргізуге «Kaz Explo Service» ЖШС жауапты екенін айта кетейік.
49
0
0
Сонымен қатар оқыңыз