KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда тағы екі партия пайда болуы мүмкін

26.08.2022, 10:03 46

Әділет министрі Қанат Мусин баспасз мәслихатында "Халық дербестігі" мен "Намыс" партияларын құруға қатысты құжаттар тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткенін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, 2019 жылдан бері Әділет министрлігіне 17 партияны тіркеуге қатысты өтініш түскен.

-        Қазіргі уақытта екеуі бірінші кезеңнен өтіп, партия құру мәселесімен айналысып жатыр. Осы орайда "Халық дербестігі" мен "Намыс" бірінші кезеңдегі жұмыстарды атқарды, – деді Мусин елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Әділет министрі заңнама бойынша партияны тіркеу екі кезеңнен тұратынын айтып өтті. Бірінші кезеңде партия құру ниеті туралы хабарлама беріледі. Оған 1 мың адамның тізімі қосылуы керек. Кейін мәлімет министрліктің тексерісінен өтеді.

-        Бұл тізімнің арасында өмірден өткен адамдар, құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілер болмауы керек. Заң бойынша бұл адамдарға партияға мүше болуға тыйым салынған. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалар мен басқа партияның мүшелері аталған тізімге қосылмайды. Тексеру барысында бұл адамдар тізімде болса, бастамашы топтың құрамындағылар 1 мыңнан азайып қалса, онда министрлік құжаттарды қайтарады, – деді министр.

Егер құжаттар дұрыс болса, екінші кезеңге өтеді. Кейін бастамашы топ аймақтарда филиалдарын ашып, партия мүшелерін тіркейді. Тиісті құжаттар министрлікке өткізіледі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив