Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, С
468.98 493.74 7.59

ШҚО – да «Қыран елім-Қазақстан» атты патриоттық акция өтті

21.10.2022, 09:45 8 0 Ләззат Қанатқызы

Республика күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының білім беру ұйымдарында «Қыран елім-Қазақстан» атты шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш шара барысында, қала мектептерінде оқушылар, оқытушылар, қызметкерлер мен директорлар жаппай мемлекеттік әнұранды орындады.

-        Мектепте Мемлекеттік Әнұранды орындауға басымдық беріледі. Сондықтан Қазақстан Республикасы күніне орай оқушылар, педагогтар "Патриоттық дауыс" челленджін өткізді. Бұл акцияның мақсаты - патриоттық және азаматтық тәрбие беру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Туған өлкеге, отанға деген сүйіспеншілік өз халқына, тарихына, тіліне және мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудан басталады,- деді Риддер қаласының "№16 орта мектебі" КММ директоры Анар Сұлтанбекова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, патриоттық акцияға 3000-нан астам адам қатысқан. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив