Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 3,1 м/с, СВ
444.85 477.19 5.42

ШҚО полициясы 12 адамды ел аумағынан шығарып жіберді

9.06.2021, 17:45 74 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері екі күнде 198 шетелдік азаматты (ҚР ӘҚБтК 517-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның 12-сі ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Қазақстан Республикасының 114 азаматы көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– 8 маусымда шетелдікті заңсыз еңбек күшіне тарту фактісі анықталды. Үржар ауданында Өзбекстан Республикасының бес азаматы үйдің құрылысына тиісті рұқсат алмай жұмыс істеген. Көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал шетелдіктер 3 күнге арнайы қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Аталған алдын алу шарасын өткізу үшін облыс бойынша 424 қызметкер жұмылдырылды.

74
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив