Өскемен
+7°
облачно с прояснениями Штиль
474.47 503.51 4.88

Өскеменде 12 төте бұрылыс салынып жатыр

4.06.2021, 11:42 141 0 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде оң жақ төте бұрылыстар биыл да салынып жатыр. Қала әкімі Жақсылық Омар бүгін Қабанбай батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы жол құрылысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазіргі уақытта қала бойынша 12 бұрылыс салынып жатыр. Оның ішінде Сәтпаев-Рейша және Сәтпаев-Байбатчин сынды көлік кептелісі жиі болатын қиылыстар бар.

– Бұл жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көлік жүргізушілерге қолайлы жағдай туғызады. Өткен жылы салынған бұрылыстар шынымен де көлік кептелісін азайтуға көп септігін тигізді. Қалада қазір 17 оң жақ төте бұрылыс «жұмыс істеп тұр», – дейді Жақсылық Омар.

Ал қазір салынып жатқан оң жақ төте бұрылыстардың құрылысы, қала әкімінің айтуынша, 1 тамызда толығымен аяқталады.

141
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив