Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Алтай қаласындағы 2 көшеге аялдама орнатылды

20.10.2022, 17:57 10 0 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданында 40 миллион теңге көлемінде балалар алаңдары орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ернар Мұстафин айтып берді.

-        Аудандық бюджет қаражаты есебінен Серебрянск қаласында, Соловьево, Тұрғысын, Чапаево ауылдарында, Зубовск, Жаңа Бұқтырма кенттерінде, Феклистовка ауылында 40 миллион теңге сомаға балалар алаңдары орнатылды, - деді ол.

Сондай-ақ Алтай қаласындағы 3 көшеге, атап айтқанда Солнечная, Фрунзе, Стахановская көшелеріндегі тротуарларға жөндеу жүргізіліп, Ломоносов, Фрунзе көшелерінде аялдама павильондары орнатылған.

-        Тұрғын үй мәселесіне келетін болсақ, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 13 үй сатып алынды, жыл соңына дейін тағы 3 үй сатып алу жоспарда бар. Олар көп балалы отбасылар мен ауданымыздың бюджет саласының қызметкерлеріне беріледі, - дейді аудан басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив