Өскемен
-24°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Талапкердің икемі бар мамандығын анықтайтын платформа жасалмақ

24.08.2022, 14:48 1 0 Ләззат Қанатқызы

ҰБТ нәтижесімен қанағаттанбаған талапкерлер тестілеуді бірнеше рет тапсыра алатыны белгілі. Осыған сәйкес, енді емтиханнан қайта өткендердің қорытындылары негізінде талапкердің қандай мамандыққа икемі бары анықталып отырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Жоғары және кәсіптік білім беру саласындағы мәселелер талқыланған форумда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай мәлім етті.

-        Ұлттық тестілеу орталығының негізінде ҰБТ-ны бір рет емес, бірнеше мәрте тапсыруға мүмкіндік беріледі. Біз талапкер өзін-өзі бағалауы үшін арнайы платформа енгізіп жатырмыз. Енді талапкер бірнеше рет тестілеуден өтеді және сол арқылы өзінің мықты тұстарын көреді. Оған биыл нақты грант берілетіні немесе қандай мамандықтар сол балаға сәйкес келетіні көрсетіледі. Ол ақпарат жеке талапкерге, оның ата-анасына жолданады. Сосын ол ҰБТ-ға кіріп, өзіне қажет таңдау пәнін айқындайды. Біздің үмітіміз осы механизм арқылы жағдайды өзгерту, - деп мәлім етті Ғылым және жоғары білім министрі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив