KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО әкімі Литва елшісімен кездесті

24.08.2022, 09:48 104

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Литваның Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҮМЗ және Қазмырыш сынды кәсіпорындарға барған Елші өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін жоғары бағалады.

– Біздің елдеріміз арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетіміз бар, бұл бірінші кезекте агросектор, көлік инфрақұрылымы және жаңартылатын энергия. Сонымен қатар, ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларындағы серіктестік нұсқалары қарастырылады, – дейді облыс әкімі.

Аймақ басшысы біздің өңірдің акушер-гинекологтары Литва клиникаларында өз біліктіліктерін арттырғанын атап өтті.

– Алдағы ынтымақтастық жемісті болып, елдеріміздің экономикасын дамытуға жаңа үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деп түйді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив