KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Саяжай тұрғындары электр қуатына жариды – Өскемен

23.08.2022, 17:55 149

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемен әкімі жыл басыннан бері атқарылған жұмыстар жөнінде мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Инфрақұрылымдық жобаларға тоқталған қала басшысы бау-бақша серіктестіктерін электрмен жабдықтау мәселесі жөнінде айтты.

– «Рауан-Восход» бау-бақша серіктестігінде электрмен жабдықтау жүйесін орнату жұмыстары басталды. Бұл пилоттық жоба, өйткені бау-бақша серіктестігіне алғаш рет желілер орнатылмақ – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімінің айтуынша, мұндағы саяжайлар осы уақытқа дейін аталмыш электр қуатына жеке трансформатор арқылы қосылып келген. Бұл ескі схемаға тұрғындар соңғы уақытта жиі наразылық таныта бастаған көрінеді.

– Егер жоба сәтті жүзеге асатын болса, осы бағыттағы жұмыс ауқымын кеңейтеміз, – деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив