KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Қалдықтарды сұрыптайтын зауыт қыркүйекте іске қосылады - Өскемен

23.08.2022, 17:32 112

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыт қыркүйек айында іске қосылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXVI сессиясында айтыл, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сұрыптау желісі экологиялық жүктемені төмендетеді деп күтілуде.

– Жоба екі жыл бұрын басталған еді. Қазір соңғы кезеңде деуге болады. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Енді аумақты абаттандырылып жатыр. Желі іске қосылса, қоқыстың 40 пайызын сұрыптауға мүмкіндік туады. Соның арқасында экологияны жақсара түседі және полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды жиналып қалмайтын болады, – деді жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген қала әкімі Жақсылық Омар.

Әкімнің айтуынша, бүгінге дейін сұрыптау желісінің барлық элементтері жеткізілді. Енді желіні құрастырып, баптауларын орнату қалды. Мұны жабдық өндіруші – SABO S. A. грек компаниясының мамандары жүзеге асырады.

– Жалпы мұндай жабдықтар Сербия, Албания, Греция сынды елдерде жұмыс істеп тұр. Қазір Грекиядан келген серіктестер іске қосу жұмыстарымен айналысуда. Тамыз айының ортасында Словениядан мамандар келеді. ҚТҚ сұрыптау желісін қыркүйек айынды іске қосуды жоспарланып отырмыз, – деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив