KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Елімізде жанармай түрлерінің шекті бағалары өзгеріссіз қалды

22.08.2022, 17:12 109

Энергетика министрлігінің мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Аи-80 – 89 теңге. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңге, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңге, дизель отынының бағасы литріне 450 теңгені құрайды.

-        Бұйрықпен Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген. Ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады. Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылатын болады, -деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында (АЖҚС) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтап жатыр.

-        Жақын арада АЖҚС өкілдерімен бірлесіп жүйелерді тестілеу өткізілетін болады. Қазір 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі» ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Еліміздегі АЖҚС нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің қалдықтары бойынша деректерді көрсетілген ақпараттық жүйеге беріп жатыр. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1177 қаулысына сәйкес аталған ақпараттық жүйенің операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады, -деп нақтылады баспасөз қызметі.

Argus Каспий нарығы сервисінің деректері бойынша ЕЭО-ға мүше елдерде дизель отынының құны 2022 жылғы 1 тамызда мынадай бағаны құрады. Арменияда 1 литр дизель 758 теңге, Ресейде – 446 теңге, Қырғызстанда – 412 теңге, ал, Беларусь Республикасында 446 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив