KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жыл соңына қарай көмір қымбаттауы мүмкін

22.08.2022, 09:19 191

Елімізде жыл соңына қарай көмір бағасы 30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды Энергетика министрлігі өкілдері жасады. Сондықтан шенеуніктер халықты қазірден бастап көмір сатып алып, қысқа қамдануға шақыруда. Күн күрт суытып, қатты отынға сұраныс көбейген кезде алыпсатарлар бағаны аспандатып жіберуі мүмкін дейді.

Еліміздің солтүстігінде көмірге кезек шілдеде басталған. Қыс ерте түсіп, жылыту маусымы ерте басталатын аймақ тұрғындары көмір сататын орындарды ала таңнан бастап күзетеді. Өйткені аптасына небәрі 1-2 рет жеткізілетін үш вагон көмір бәріне бірдей жетпейді.

Былтырғы көмір тапшылығы биыл да қайталана ма деген тұрғындар, үкімет пен билік көмір тасымалын жедел реттесе дейді. Әйтпесе, қыс басталғанда тағы қатты отын жетпейді деп алаңдаулы. Өйткені, жылыту маусымының басталуына шамамен 40 күндей уақыт қана қалса да, өңір халқының тең жартысы әлі қысқа қамданып үлгермеген.

Қыста көмір қоры болмай, қарапайым халық қатты отын үшін жаға жыртысуға дейін баратын Жетісу облысында әзірге көмірге кезек жоқ. Бірақ, әкімдіктегілердің өзі тұрғындарды қысқа ерте қамдануға шақырып отыр. Себебі күн күрт суытқанда кезек көбейіп, көмірге талас туындайды дейді. Оның үстіне отынның бағасы да қымбаттап келеді. Мәселен, былтыр көмірдің бір тоннасы 14 500 теңге болса, биылғы 14 800 теңгеге сатылып жатыр.

-        Көмірге талас алдыңғы жылы білесіздер қалай болғанын. Бірден келген легке оның шамасы жетпей қалды. Осыған байланысты сол жағдайды қайталандырмау мақсатында қазірден бастап көмірді қысты қамы жазда дейді ғой,жазда қамдануларыңызды сұраймыз. Бірінші мамырдан бастап көмір келіп жатыр, – Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.

Ал Индустрия министрлігінің мәліметінше алдағы жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталып кеткен. Ведомства 2023 жылға дейін көмір қорын алдын ала дайындау бойынша "Жол картасын" әзірлегендерін айтады. Бірақ, әкімдіктер тарапынан халықты көмірмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр дейді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға көмір қорын дайындау жұмыстарын аяқтау мен көмір бағасының заңсыз өсуіне қатысты бақылауды күшейтпек.

-        Біз салқындағанды күтпей, аязды күтпей қазір көмірді алып қойсақ, аяз кезінде ажиотаж болмайды. Сәйкесінше баға да өспейді. Біз қыркүйек айынан бастап шектеу қойып жатырмыз, яғни автомобиль көлігімен елімізден көмір шықпайтын болады. Бұнын мақсаты - мүмкіндігінше халыққа әлеуметтік бағада көмірді жеткізу, – дейді ҚР ИИДМ Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбет.

Биыл жарты жылдың ішінде елімізде 56 миллион тонна көмір өндірілген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артқан. Министрліктегілер қатты отынға тапшылықты болдырмау үшін көмір жеткізушілермен белсенді жұмыс жасамақ. Сондай-ақ, ҚТЖ компаниясына көмір тасымалдауға арналған вагондармен қамтамасыз етуді тапсырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив