Бұршақ, үсік, жел... Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді. Синоптиктер 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
– Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар оқыңыз