Өскемен
-19°
туман ветер 2 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу шаралары енгізіледі - Өскемен

29.04.2021, 20:30 18 0 Мадина Амангелдіқызы

30 сәуірде сағат 9:00 ден бастап 15:00 дейін Өскемен қаласында бірқатар шектеулер енгізілетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл шектеу шаралары терроризмге қарсы жаттығудың өтуіне байланысты екен. Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.

Осы ретте көлік құралдарының қозғалысына және тағы да басқа уақытша шектеулер енгізілмек.

Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабы қала тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив