ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
ясно ветер 0,7 м/с, ЮВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Өскеменде қараусыз қалған ғимараттың орнына мектеп салынатын болды

20.10.2022, 15:00 4 0 Ләззат Қанатқызы

ЖМК шағын ауданындағы қараусыз қалған ғимараттың құрылысы жалғасып, 900 орындық мектеп салынатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда ҚР Білім және ғылым министрлігі онда машина жасау колледжін салуды жоспарлаған, алайда жоба аяқталмай, ұзақ уақыт қараусыз тұрған еді. Бүгінде ол нысан облыс балансына берілген.

-        Жақынарада физика, математика, информатика және басқа да нақты ғылымдардағы дарынды балаларға арналған 900 орындық мектеп салуды бастаймыз. Бұл жерде ШҚО-ның басқа аудандарынан келген балаларға арналған 160 орындық интернатта қарастырылады, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, мектептің оқу үрдісіне мықты профессор-оқытушылар құрамын тарту жоспарда бар. Арнайы келгенұстаздар үшін де жайлы жатақхана салынбақ.

-        Оқу орны ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен "Жайлы мектеп" жобасына толық сәйкес келеді. Кабинеттер барлық стандарттар бойынша жабдықталады, 300 орындық үлкен спортзал, бассейн және асхана болады. Қазір құрылысшылар барлық сақталған құрылыстарға олардың жарамдылығына сараптама жүргізеді, жоба толығымен қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар, жақын арада біз КШТ қарқынды дамып келе жатқан ауданында үлгілік жоба бойынша 600 орындық мектеп салуды бастаймыз. Сондай-ақ, бейінді басқармаларға осы шағын аудандағы аяқталмаған балабақша ғимаратымен жұмыс істеуді тапсырдым,- дейді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды