Тағы бір тұрғын үйде өрт шықты – Өскемен

Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Құтқарушылар өрттен 4 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Департаменттің ақпаратына сүйенсек, екінші қабаттағы пәтердің жиһаздары мен балконының есік терезесі өртеніп кетті. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт ненің кесірінен шыққаны анықталып жатыр. Құтқарушылар оқиға орнында 5 техникамен жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар оқыңыз