ШҚО-да жол жөндеуге 15 миллиард теңге жұмсалмақ

Облыстың аудандары мен қалаларындағы көшелерді, жолдарды жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл 170 шақырым жолды жөндеуге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл Үлкен Нарын – Күршім, Мақаншы – Жалаңашкөл, Аягөз – Қарауыл – Семей- Қайнар, Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар, Күршім – Қалжыр, Таврия – Тройницкое, Согорное – Барлық – Ақсу, Күршім – Ақсуат – Жолнұсқау, Семей – Курчатов автожолдарының учаскелері жөндеуден өтіп отыр.
Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге 3,3 миллиард теңге бөлінген. Тағы 1,5 миллиард теңгеге өтінім беріліпті.
Облыс орталығында 18,7 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылса, Семейде – 7,2 шақырым, атап айтқанда, Қарағайлы шағын ауданында 3 шақырымнан астам ішкі жолдар қалпына келтірілмек.
Сонымен қатар, 34 елді мекеннің көшелері де жөндеуден өтеді.