Өскемен
+11°
пасмурно ветер 0,9 м/с, ЮЗ
475.96 506.95 4.96

ШҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін

11.04.2021, 13:05 39 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жергілікті және беткейлі ағындардың пайда болуы, су объектілерінде су деңгейлерінің құбылуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Казгидромет РМК ШҚ филиалының ақпараты бойынша, түнгі және күндізгі температураның көтерілуіне байланысты қар қарқынды еріп және мұз босайды.

Төтенше жағдай қызметі су тасқынынан жиі зардап шегетін ауданда тұратындарды мұндай жағдайларға дайын болуға шақырады. Ол үшін еріген қар суын бұру бойынша алдын ала қамдану, үйдің айналасындағы орларды тазалау қажет. Жылға арналарына қоқыстарды тастамау, үй маңы аумағын қардан тазарту, қаптар, қиыршық тас, құм, топырақ дайындау секілді жұмыстарды да атқарған жөн. Сондай-ақ, барлық құнды заттарды және құжаттарды, жылы киімдерді, су және азық-түлік қорларын полиэтилен пакеттерге салып, арнайы «қатер» чемоданын әзірлеп қойған дұрыс.

Су үйге кірген жағдайда шұғыл түрде «112» телефонына қоңырау шалып, көмек сұрау керек.

39
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив