KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да жаңа демалыс аймағын салу жұмыстары басталады

19.10.2022, 14:38 157

Жаңа Бұқтырма кентінің маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс аймағын салу және абаттандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ең алдымен, стадионнан дағалауға дейін орталық аллея салынбақ. Сонымен қатар серуендеу аймақтары, велосипед және жүгіру жолақтары мен  субұрқақ орнату жоспарланып отыр.

-        Кентте жаңа сауда орталығы ашылып, қоғамдық тамақтану жүйесі жаңғыртылады. Тұрғындар мен туристер үшін демалыс және ойын-сауық орындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар үлкен жағажай ашылады. Жаңа Бұқтырманың географиялық жағдайы өте ыңғайлы – ол Алтай мен Өскемен қалаларының арасында орналасқан. Логистика жағынан ешқандай проблема болмайды, онымен қоса Осиновский асуын айналып өтетін жол құрылысы келесі маусымда аяқталатынына сенімдімін, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Аймақ басшысы қысқы кезеңде жаңа демалыс аймағының жобасы мен жобалық-сметалық құжаттары келісудің барлық сатысынан өтіп, мамыр айында оны іске асыруға кірісу керектігін айтып, тапсырма берді. Сонымен қатар қала тұрғындарының әлеуметтік инфрақұрылымды абаттандыру және дамыту жөніндегі қызықты ұсыныстарын тыңдауға дайын екендіктерін де атап айтты. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив