KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ІІМ жоғалған баланы тапқан полиция қызметкерін марапаттады - Өскемен

16.08.2022, 10:23 77

ШҚО ПД арнайы бөлімшесінің қызметкері полиция лейтенанты Тілек Ерлібеков "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге жұмылдырылған полицейлердің еңбегі үшін жоғары баға беріп, алғысын білдірді.

-        Бала түсіп кеткен шұңқырдың тереңдігі шамамен 3 метр болады. Біздің кешіккен әр минутымыз қайғылы нәтижеге әкеп соғуы мүмкін еді, - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік,14 тамызда кәмелетке толмаған 12 жасар Тамирлан Ахмеджанов сағат 02:30 шамасында саяжай массивінің аумағында орналасқан үйден кетіп, қайтып оралмады.

15 тамыз күні полиция қызметкерлері баланы аман-есен тапты. Айта кету керек, баланың аутизммен ауыратыны және сөйлей алмайтыны анықталған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив