KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО: 200-ден астам дәрігер жетіспейді

16.08.2022, 10:07 198

Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласы кадрларының тапшылығы айтарлықтай байқалып тұр. Тек Өскеменнің өзіне 150-ден астам дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл өңірге Семей медициналық университетінен 91 жас маман келуі тиіс. Олардың ішінде жалпы практика дәрігерлері – 62. Бұдан бөлек анестезиолог, хирургтер, реабилитологтар сынды мамандар бар. Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл жас мамандарды облыс орталығында қалдыру үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс екенін айтты.

– Әсіресе облыс орталығында денсаулық сақтау саласына наразылық көп. Мұның бәрі мамандардың тапшылығынан туындайды. Біз айтып отырған 91 маманның көпшілігі Өскемен қалуы тиіс. Сондықтан дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырамын. Мамандарды қабылдау бағдарламасын жасалсын, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив