KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көпбалалы отбасындағы бүлдіршіндерге оқу құралдары табысталды

15.08.2022, 16:27 117

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстандағы филиалы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге оқу құралдары салынған сөмке табыстады.

– Біз көмекке мұқтаж ата-аналарды қол ұшын созуға әрқашан дайынбыз. Акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан екі жарым мыңнан астам оқушыға құрал-жабдық табыстауды жоспарлап отырмыз. Бүгін басталған бұл игі шара тамыздың соңына дейін барлық қала-аудандарда жүзеге асады, – деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгул Байжанова.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 10 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді.

«Мен өзім екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі анамын. Жолдасымда тұрақты жұмыс жоқ. Төрт баланы мектепке дайындау әрине оңай емес. Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы балаларға сөмке және өзгеде оқуға қажетті құрал жабдықтар табыстап бізге үлкен көмек көрсетті. Осы орайда тек алғыс айтамын. Көпбалалы отбасылар үшін «Мектепке жол» акциясы өте тиімді болып отыр», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны көпбалалы ана Әсел Мүшелбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив