KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жаңа асфальт жаңбырдан кейін ойылып кетті – Өскемен

15.08.2022, 14:41 188

Красин кентіндегі Пушкин көшесіне жуықта ғана төселген асфальт ойылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, қала басшылығы осы жазда абаттандыру бағдарламасы аясында шеткі аудандардағы жолдарды жөндеуге кіріскен. Жаңа асфальт төселген жолдардың бірі демалыс күндері жауған жаңбырдан кейін таз қалпына қайта түскендей болды. Ал әкімдік өкілдері олқылықтың орнын мердігер кәсіпорын толтыруға тиіс екенін айтады.

– «DK Build» ЖШС мердігерлік ұйымы Пушкин көшесіндегі асфальт жабынын су желілерін қайта құрғаннан кейін төсеген. Енді қосымша бюджет қаражаты тартылмайды, мердігер ұйым кепілдікті қызмет көрсету аясында жолдың бүлінген бөлігін жөндейді, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінде.

Сондай-ақ, бөлім мамандарының айтуынша, сапасыз жолдың кесірінен көлік иелеріне келген залал өтеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив