KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды

15.08.2022, 14:33 263

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде болған аппарат жиналысында айтылды.

Мектептердегі жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды.

Енді мектеп оқушыларының каникулға шығу кестесі төмендегідей болмақ:

  • күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан - 6 қараша аралығы (7 күн);

  • қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан - 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн);

  • көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз - 26 наурыз (9 күн);

  • бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан - 12 ақпан (7 күн);

  • жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив