Өскемен
-25°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Премьер-министр мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді

14.08.2022, 20:22 3 0 Мадина Амангелдіқызы
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасын ұстап тұруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді. Бірақ Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар", - деп жазды премьер әлеуметтік желіде.

Үкімет басшысы мынандай тапсырма берді:

- мектеп формасына бағаны ұстап тұру үшін Индустрия министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының, ірі тігін цехтары мен ательелердің өкілдерімен келіссөздер жүргізеді;

- Сауда министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, ірі сауда орталықтарымен және базарлармен канцеляриялық тауарларға, сөмкелер мен аяқ киімдерге және басқа да керек-жарақтарға бағаларды ұстап тұру мәселелерін пысықтайды;

- әкімдіктер "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, облыс және аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелерін, сондай-ақ жылжымалы мектеп автодүкендерінің шалғай ауылдарға шығуын ұйымдастырады; - әкімдіктер аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарды атаулы көмек көрсету үшін бекітіп беретін болады;

- бүгінгі таңда мұқтаж отбасыларды қолдау үшін құрылған "Жаппай оқыту" қорына өңірлердің бәрі бірдей қаражат бөліп отырған жоқ. Сондықтан әкімдерге аталған жобаны қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

"Білімді ұрпақ – біздің басты құндылығымыз, сондықтан оқудың барлық кезеңінде оларға қолайлы жағдай жасау, қамқорлыққа алып, көңіл бөлу – біздің негізгі міндетіміз. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мен белгілеп берген бағыттар бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады", - деп түйіндеді премьер.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив